Маңғыстауда 500 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 500 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді

20.09.2018

Маңғыстауда бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулағандар ұсталды. Табиғатты қорғаушылар бір апта ішінде 8  көлікті ұстаған. Заң бұзғандар «Ақтау-Форт-Шевченко» тасжолында тұтылды. Олардан «Қызыл кітапқа» енген жарты тонна балық табылды. Темір тұлпарлар айып тұрағына жабылып, күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.   

Бекқали Алдаберген, ІІД жергілікті полиция басқармасының бөлім бастығы:

- Осы азаматтарға қатысты 339 баппен іс қозғалды. Осы бойынша кінәлілерге тағылатын жаза 3 жылдан бас бостандығынан айырылу немесе 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

 

А. ОРАЛБАЙҚЫЗЫ    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу