Алматы облысындағы «Қорғас» шекарамаңы халықаралық ынтымақтастық орталығы аумағында тұрғын шекарашыны соққыға жықты. Миы шайқалып, астыңғы жағы сынған әскери қызметкер дереу ауруханаға жеткізіліп, операция жасалды. Куәгерлер кеше кешкісін болған оқиғаны ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Анықталғандай, бекетте құжат тексеру барысында жергілікті азаматтың рұқсат қағазы болмай шығады. Шекарашы оны өткізбей қояды. Арты жанжалға ұласқан. Естеріңізге сала кетсек, былтыр дәл осы жерде екі азамат төбелесіп, бірі көз жұмған еді.
Әйгерім Көппаева, облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:
- Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабына сәйкес, яғни, билік өкіліне қарсы күш қолдану бойынша тергеу жүргізілуде. Ер адам ұсталып, ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қамауға алынды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.