Қарағанды облысының 40 мың тұрғыны бір мезетте диктант жазды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының 40 мың тұрғыны бір мезетте диктант жазды

21.09.2018

Шара «Мың бала» республикалық мәдени ағарту жобасы аясында еліміздің барлық облыстарында өтті. Жалпыхалықтық шараға қарағандылықтар да бір адамдай атсалысып, «Достық үйінде» бас қосты. Диктантқа қатысу үшін жас мөлшері маңызды емес.

Мемлекеттік тілде сауаттылығын тексеремін деген барлық үміткерге бұл күні мүмкіндік берілді.  Этномәдени бірлестік өкілдерінен бөлек, оқушылар, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер де жиналды. Ашық диктанттың тақырыбы «Астана - бейбітшілік бесігі». Мәтіні 318 сөзден тұрады. Қоғамдық келісім ұжымы енді латын қаріпінде дәл осындай ашық диктант ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қазір осындағы қызметкерлер аптасына бір рет «Достық үйінде» латын әліппесін үйренуде.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу