Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған азамат кешірім сұрады

21.09.2018

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түрік азаматы кешірім сұрады.

Ол әлеуметтік желілер арқылы өзін таныстырып,18 қыркүйекте болған жайтқа байланысты бүкіл қазақстандықтардан және жедел жәрдем жүргізушісінен кешірім сұрайды. Сондай-ақ, оқиға болған күні күйзелісте жүргенін, оған себеп екі күн бұрын көлігі ұрланғанын айтады. Әйелі және 5 айлық қызы бар екенін жеткізіп, қоғамнан түсіністік танытуды сұрайды. Қазір азамат сотқа дейін уақытша кепілдікпен босатылған.

- Бүкіл Қазақстан халқынан шын жүректен кешірім сұраймын. Жедел жәрдем жүргізушісі Кучма Николайдан кешірім сұраймын. Жасаған қателігімді мойындаймын. Сол күндер ішінде стресте жүрдім. Мұның себебі, 16-шы қыркүйек күні біреу автокөлігімді ұрлап кетіпті. Сол үшін жазған арыздарымның ресми құжаттары да тіркеліп тұр. Әрине, жасаған ісім қателігімді ақтамайды. Қазақстан халқынан мені түсінуін өтінемін.

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу