Мемлекеттік қызметшілер үшін жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметшілер үшін жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі

24.09.2018

Мемлекеттік қызметшілер үшін жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Биылдан бастап бұл жүйе   4 мемлекеттік органда, пилоттық режимде іске қосылды. Жалпы, қазіргі жалақы төлеу жүйесі 14 жылдан бері қолданыста, еш өзгеріске ұшырамады. Соған сай, бүгінде мемлекеттік қызметшінің еңбекақысы екі көрсеткіш бойынша - еңбек өтілі мен атқаратын лауазымына қарай беріледі. Ал, қызметкер орындайтын жұмыстың қиындығы мен тиімділігі ескерілмейді. Қазан айынан бастап жаңа жүйеге Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері көшеді деп күтілуде.  

Айгүл Шайымова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

- Әр мемлекеттік қызметкерге жоспар құрамыз. Индикатор қарастырылады. Ал, ол индикаторлар бонусқа әсер етеді. Әр мемлекеттік қызметшіде 5 индикатор болады. Оның екеуіне қол жеткізбесе, бонус ала алмайды. Индикаторлар мемлекеттік қызметкердің тиімділігін арттыру үшін керек.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу