Астана-Алматы өңірлік кәсіпкерлер форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана-Алматы өңірлік кәсіпкерлер форумы өтті

24.09.2018

Астана және Алматы қаласының кәсіпкерлеріне инвестиция құюшылардың қатары артып келеді. Мәселен, былтыр Астанаға 957 млрд. теңге көлемінде қаржы тартылған. Оның 200 млрд-ын тікелей шетелдік инвесторлар салған. Бұл туралы Астана мен Алматының өңірлік кәсіпкерлер форумында айтылды. 150-ге жуық бизнес бірлестік пен кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері қатысқан жиында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Соның аясында  жалпы құны 65 млн. АҚШ доллар болатын 7 келісімшартқа қол қойылды. Кәсіпкерлік инвестициялар мен өнеркәсіп саласында тәжірибе алмасуды мақсат тұтқан құжаттар шеңберінде екі қаланың кәсіпкерлері бірігіп жұмыс істей алады.

Нұржан Әшімов, Астана қалалық әкімдігі Инвестициялар тарту және сыртқы экономика қызметінің бөлім басшысы:

- Бұл екі қаланың экономикасына қосатын үлесі зор деп ойлаймыз. Ел экономикасындағы осы екі мегаполистің үлесі жоғары. Бұдан әрі дамытуға үлкен қолғабыс болады.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу