Теміртаудағы балабақшаға Білім саласын бақылау басқармасы тексеріс жүргізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаудағы балабақшаға Білім саласын бақылау басқармасы тексеріс жүргізеді

24.09.2018

Сәбиге зәбір көрсеткен Теміртаудағы жекеменшік балабақша өз жұмысын бастағаны туралы білім басқармасына еш хабар бермеген. Мұндай жағдайда Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексіне сәйкес кәсіп иесіне 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Қазір Теміртау қалалық прокуратурасы тарапынан департаментке балабақшаға кезектен тыс тексеріс жасауға құзыр беріліп отыр. Осы тексерістен кейін бір жыл ішінде олқылық қайталанса, айыппұл 40 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Ал, үшінші рет тәртіп бұзылған жағдайда, балабақша жабылуы да мүмкін. 

Шынар Ақпарова, облыстық Білім саласындағы бақылау департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Хабарлама жасамағандығы үшін әкімшілік айыппұл салынды. Осыдан кейін анықталған әрекет бір жыл ішінде қайтадан қайталанса, білім саласындағы қызметін тоқтату жөнінде уәкілетті орган шешім шығарады. 

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу