«Bank RBK» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевтың ісі бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы Алматыда «Алма ТВ» компаниясының 100 пайыз акциясының иесі «Ассет Инвест» серіктестігінің жетекшісі Татьяна Пактың күйеуі Евгений Пак айтты. Оның сөзінше, бұл іске қатысты кейбір мәліметтерді анықтау мүмкін болмай отыр. Жомарт Ертаевқа банктегі қызметі кезінде жалған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді несиелендіру арқылы 80 млн. АҚШ долларын жымқырды деген айып тағылуда. Осы ақшаға ол «Алма ТВ» компаниясын сатып алды деген болжам бар. Алайда, істің анық-қанығын құзырлы мекемелер анықтайды.
Евгений Пак, айыпталушы Татьяна Пактың күйеуі:
- 2 қыркүйекте мен Алматыға келгеннен кейін Жомарт Ертаев екі адамын жіберіп, менің отбасымды қорқытты. Ұялы телефонымды қауіпсіздік қызметіндегі екі қызметкері арқылы алдырып, жеке жазбаларым құзырлы мекемелерге түспесін деп әдейі жойып жіберуге әрекет жасап отыр. Кәмелетке толмаған ұлым мен қызымды және 20 жастағы інімді де қорқытқан. Олардың бұл әрекеті заңсыз деп есептеймін.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.