Халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынатын мекеме бір күнде 200 адамды қабылдай алады. Қызметтер бірыңғай электрондық кезек арқылы бір терезе қағидаты негізінде жүргізіледі.
Сондай-ақ, мұнда саусақ ізі мен медициналық тексерістен өтуге толық жағдай жасалған. Уақытша көшіп келушілерге рұқсат беру және мерзімін ұзарту, шетелдіктерді уақытша тіркеу де осы жерде жүзеге асырылады. Айта кетейік, дәл осындай көші-қон орталығы Астана, Алматы, Шымкент қалаларында іске қосылған.
Бахтияр Насрединов, Өзбекстан Республикасының азаматы:
- Атырау қаласына келгеніме 1 жұма болды. Бұрын 5-6 күн күтетінбіз. Қазір 1 сағат ішінде алатын болдық.
Нұрлыбек Бақтығали, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ АОФ баспасөз хатшысы:
- Статистикаға жүгінетін болсақ, 2017 жылы 42000-нан астам шетелдік азамат қызмет түрлеріне жүгінсе, биыл 37200 азамат жүгінген екен. Яғни, бұл жұмыстың ауқымын білдіреді.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.