Анар Әбжанова еліміздің рухани байлығын әлемге әйгілеген өнерпаздар қатарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анар Әбжанова еліміздің рухани байлығын әлемге әйгілеген өнерпаздар қатарында

25.09.2018

Еліміздің рухани байлығын әлемге әйгілеген өнерпаздар қатарында Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері көп.  Солардың бірі Елбасы жариялаған «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы - Анар Әбжанова. Оның бұл жетістігі өнер академиясының тәлімгерлері үшін үлгі-өнеге. «Суретшінің туындылары қазіргі заман өнеріндегі айқын және ерекше құбылыс», - дейді әріптестері.

Бүгінде Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өнерге көңіл аударып, тың жобаларды қолға алуға жол ашқан. Сондықтан, қиын да болса, өнер жолын таңдағандар халықаралық өнер додаларында бақ сынамақ. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу