Мемлекетке 300 миллион теңге көлемінде зиян келген. 62 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. 11 келісімшарттың күші жойылды. Осы заңсыз кен орындарынан құм, қиыршық тастар сынды инертті заттарды тасымалдауда да заңбұзушылықтар көбейіп кеткен.
Дәлірек айтсақ, жүк көліктері көбіне рұқсат етілген салмақтан артық жүк тиеп алады. Бұл жолдың сапасына кері әсер етуде. Әсіресе, Астана мен Сарыоба станциясы аралығында жағдай қиын. Мұнда 46 заңбұзушылық тіркелген. Ақмола облысында жыл басынан бері асыра жүк тиегені үшін 61 тасымалдаушыға 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл мәселе соңғы уақытта ушығып кеткен. Сондықтан, өзге облыстардан да мамандар тартылыпты.
Руслан Сейталин, Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары:
- Қазіргі таңда жүк тасымалдаушылармен асыра салмақты тасымалдау мәселесі туындап отыр. 3 жылжымалы пост жұмыс жасап жатыр. Аймақтардан басқа инспекциялардан мамандар тартылып, бірлесіп жұмыс жүруде. Осы нәтижесі бойынша 19-23 қыркүйек аралығында 16 хаттама толтырылып, 1 миллиондай айыппұл салынды.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.