Естеріңізге сала кетейік, биыл наурыздың 31-де Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысын өзінің орынбасары атып өлтірген болатын. Басшы мен орынбасары қызмет орнында сөзге келіспей арты жанжалға ұласқан. Күдікті ұңғылы мылтықпен басшысының кабинетіне кіріп келіп оқ атқан.
Департамент басшысы тілге келмей оқиға орнында көз жұмды. Талдықорған әскери гарнизонындағы сот барысында айыптаушы тарап күдіктіге Қылмыстық Кодекстің 101-бабы бірінші бөлімі бойынша қатты күйзеліске ұшыраған күйде, яғни, аффекті жағдайында кісі өлтірді деген айып тағып отыр.
Алиярхан Рүстембаев, Талдықорған әскери гарнизоны прокурорының орынбасары:
- Оспанов аффекті жағдайында Иж-58 маркалы, 16-шы колибрлі, ұңғылы аңшы мылтығын қабынан алып, қарсы тұрған Беристемовтың кеуде тұсынан бір рет оқ атқан. Атылған оқтың салдарынан Беристемов жерге құлап, есіне келместен оқиға орнында қаза болды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.