14 млн. тонна астық жиналды. Бұл - еліміздегі егістіктің 73 пайызы. Үкімет отырысында орақ науқанына қатысты есеп берген Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жауын-шашын біраз кедергі келтіргенін айтты.
Алайда, диқандар қазір күннің жылынғанын ұтымды пайдаланып, қарқынды жұмыс істеп жатқанын және ас атасы далада қалмайтынына сендірді. Көш алдында келе жатқан өңірлер: Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Ал Ақмола, Қарағанды және Павлодар өңірлері жоспардан қалып барады екен. Биылғы өнім әр гектардан 13 центнер. Орақ науқанында туындаған басты мәселе – бидайдың ылғалдығы. Оны төмендету үшін диқандар қосымша арзандатылған дизель отынын бөлуді сұраған еді. Мемлекет диқандарды 394 мың тонна дизель отынымен қамтамасыз еткен еді. Енді тағы 50 мың тонна бөлінбек.
Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев қант тапшылығы да болмайды деп отыр. Еуразиялық одаққа мүше елдермен жасалған келісімнің арқасында бұл өнімнің құны биыл өспеуі тиіс.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.