Қылмысы бар азаматтар басшылық қызмет атқарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмысы бар азаматтар басшылық қызмет атқарған

25.09.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар азаматтар білім саласында басшылық қызметке тағайындалған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  мамандары Қызылорда облысы бойынша осындай бірнеше  оқиғаны анықтады.  Нәтижесінде  екі мектептің  директоры қызметінен босатылды.

Ал  заңсыздыққа жол берген Арал және Жалағаш аудандық білім  бөлімінің басшыларына қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Енді мемлекеттік мекемелерге басшы тағайындау кезінде  сотталмағаны жөніндегі анықтамамен қоса, азаматтардың қылмысқа қатысы бар-жоғы түгел тексерілетін болады. Себебі, мұндай келеңсіз жайттар өзге салаларда да көрініс бере бастаған. 

Бағдат Ізкенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша  департаментінің басқарма басшысы:

- Аудандық мұражай директорлығына бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған азаматты тағайындауға жол берілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесімен қазіргі таңда сол аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылығына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтың 681-бабымен әкімшілік іс қозғалып, оған қатысты 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу