Мемлекеттік қызмет көрсетуде заңбұзушылықтар екі есеге азайған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері хабарлады. Агенттік жыл басынан бері 500-ден астам тексеріс жүргізген. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 100 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелген. Былтыр осындай тексеріс кезінде 250 мың тәртіп бұзушылық тіркелген. Жалпы, жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді дұрыс көрсетпегені үшін 600-ден астам қызметкер жазаға тартылған. Оның 38 пайызы лауазымды қызметкерлер.
Ильдар Үйсімбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:
- Жауапқа тартылғандардың 51 пайызы мемлекеттік қызметкерлер. 41 пайыз еншілес ұйымдардың өкілдері. 7 пайызы әскери қызметкерлер. Мұндай құқықбұзушылықтар Қостанай, Алматы және Қарағанды облыстарында көп.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.