ШҚО-да контрафактілік тауарлар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да контрафактілік тауарлар анықталды

26.09.2018

Шығыс Қазақстандағы сауда орындарында жасанды шай сатқандар анықталды. Олар халық арасында кеңінен танымал шайдің атауын пайдаланған. Сонымен қатар, автодабыл, жиһаз және мотор майларын да белгілі брендтердің таңбасымен саудалап жүргендер ұсталды. Облыстық Әділет департаменті жыл басынан бері зияткерлік меншік құқығын қорғау мақсатында 15 рет рейдке шығыпты. Нәтижесінде 19 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 100-ге жуық жасанды өнім тәркіленіп, сот шешімі бойынша толықтай жойылған. Ал, жасанды шай Семей қаласында сатылыпты. Бұл факті бойынша 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Әсел Досыбаева, облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары:

- Сот процесстерінде ол кісілердің барлығы бұл шайлардың контрафакті екенін білмегендерін айтады. Сол кезде де біз құқық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Шайды қолдану үшін, сату үшін алғанда міндетті түрде сертификаттау құжаттары болуы керек.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу