Туристерге арналған call-орталық ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туристерге арналған call-орталық ашылады

26.09.2018

Енді туристерге арналған call-орталық пайда болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізге келген әрбір туристке діттеген жеріне гидтің көмегінсіз жетуге жағдай жасалады. Осы мақсатта арнайы call-орталықтары ашылып, оған қатысты барлық мәліметтер мен байланыс нөмірлері әр қаладағы әуежай мен вокзалдарға орналастырылады. Тәулік бойы жұмыс істейтін орталықтың операторлары ағылшын тілін жетік, халықаралық статусы бар қалған бес тілді тұрмыстық деңгейде білулері шарт. Сондай-ақ, брифингте алда қабылданатын заң жобасы мен бағдарлама жайлы да сөз болды.

Ерлан Қожағапанов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Біз туристік заңға өзгерістер енгізіп отырмыз. Осы мәселелерді Астана мен Алматы қалаларында талқылаймыз. Барлық әріптестерді талқылауға белсене атсалысуға шақырамыз. Ниет білдірушілер көп болып жатса, онда өңірлерде де кездесулер өткіземіз. Өйткені, мемлекеттік бағдарлама мен заңды мінсіз етіп дайындауымыз керек. Егер бәрі дұрыс болса, 100 мың жұмыс орны пайда болады. 13 млн. турист келеді. Жыл сайын еліміздің жалпы ішкі өніміне 6 млрд. доллар түсім түсетін болады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу