Сайлауға барлық ұйымдар атсалысуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлауға барлық ұйымдар атсалысуы керек

27.09.2018

Сайлау заңнамасына биыл енгізілген өзгерістер мен толықтырулар саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдарға сайлау үрдісіне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев қоғамдық даму министрлігімен өткен бірлескен отырыста мәлімдеді.

Ведомствалардың мұндай басқосуы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланысты арттыра түседі. Жиында саяси науқан кезінде азаматтық қоғам институттарымен тығыз байланыс орнату мәселесі де қаралды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға сайлауға қатысу үшін бар жағдай жасау керектігі де айтылды. 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу