Ресейден әкелінетін құс етіне шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейден әкелінетін құс етіне шектеу қойылды

27.09.2018

Ресейдің «Россельхознадзор» ұйымы 26 қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысынан әкелінетін құс пен термиялық өңдеуден өтпеген  құс етіне, жұмыртқа  және барлық құс өнімдерін енгізуге  уақытша  тыйым салды.

Бұған  жазда Айыртау ауданындағы Елецкое ауылында  Ньюкасл дертінің, яғни, азиялық құс ауруының  анықталуына байланысты жарияланған карантин себеп болды. Онда ауру жыл құстарынан жұқты деген болжам айтылған еді.

Шілдеде 18 үйдің тауықтары өліп, зертханалық сараптау шешімімен ауру расталған. 500-ге жуық тауық жойылып, екі жарым мыңнан астамына екпе қойылды. Мамандардың айтуынша, биыл Елецкое мен жақын маңайдағы ауылдардағы 2500 мың құсқа екпе салынды. Қазір жағдай тұрақты. Бір айта кетерлігі, Айыртау ауданынан Ресейге құс пен құс еті ешқашан экспортталған емес.   

Алтынбек Абдоллаев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:  

- Ресейлік әріптестердің бұл шешімімен келіспейміз. Олар бұл қадамға біздің облыстың географиясын білмегендіктен барды деп ойлаймын. Олар жалпы облысқа емес, Айыртау ауданынан әкелінетін өнімге ғана шектеу қою керек еді. Ал әзірге біздің қолымызға ресми ешқандай құжат келген жоқ.    

Сағындық СӘБИТҰЛЫ                              

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу