Оралда «Ашық әкімдік» шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Ашық әкімдік» шарасы өтті

01.10.2018

Оралда биылдыққа үшінші рет «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Бұл жерде бұқара кеңсе табалдырығын тоздырмай, түрлі мекеме басшыларына бір уақытта жолыға алады. Осы жолы 250-ге жуық тұрғын мамандар кеңесіне жүгінді. Өздерін мазалаған сауалдарға жауап алды.

Көп мәселе тұрғын үй мен жер кезегі, жол жөндеу және кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге қатысты. Халыққа барлығы 40-тан астам мемлекеттік және коммуналдық мекеме өкілдері қызмет көрсетті. Бұған қоса, облыс және қала әкімдері де қабылдау жүргізіп, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асты.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу