Алматы алдағы жылу маусымына толық дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы алдағы жылу маусымына толық дайын

03.10.2018

Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары айтты.

Олардың сөзінше, биыл әлеуметтік сала мекемелерін дайындау үшін 36 миллиард теңге және табиғи монополиялар субъектілерінің жеке қаражатынан 27,5 миллиард теңге бөлінген. Дәл қазір білім беру және денсаулық сақтау нысандары түгел дерлік қысқа дайын. «Тек Жетісу ауданындағы 5 тұрғын үйде шешілмеген мәселе бар»,- дейді жауаптылар. Ал, шілде мен қыркүйек айларында атқарылған жұмыстың нәтижесінде, дебиторлық қарыз көлемі де 49 пайызға азайған. Сондай-ақ, 9 шақырымға жуық жылу желілерге қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліпті.

Мақсұт Исахов,  Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

- Егер даладағы ауа райы 5 күннің ішінде 8 градустан төмен болатын болса, жылыту маусымы қосылу керек. Бірақ, біз әдеттегідей жыл сайын осы жылыту маусымын 15-ші  қазанда бастаймыз.  

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу