Теміртаулық 38 мың тұрғын коммуналдық қызметке 992 миллион теңге қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаулық 38 мың тұрғын коммуналдық қызметке 992 миллион теңге қарыз

04.10.2018

Теміртаулық 38 мың тұрғын коммуналдық қызмет көрсететін «Оқжетпес Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарыз. Бұл - компания тұтынушыларының жартысынан көбі. Екі жылдан бері қарыз көлемі 1 миллиард теңгеден асып кеткен. Сот арқылы 3 мың адамнан 190 миллион теңге өндірілді. Бірақ, әлі жиналмаған 992 миллион теңге бар. Су, жылу және кәріз жүйесімен қамтамасыз ететін мекеме тұрғындар борышын өтемейінше жұмысын өз деңгейінде жүргізуге дәрменсіз. Борышкерлердің ісі бірден сотқа жіберілмейді. Алдымен ескерту жасалады. Одан соң ғана қарызға батқандардың үйі коммуналдық қызмет түрлерінен ажыратылады. Ал, керісінше, жылуды қажетті деңгейде тұтынбаса да бекітілген тарифпен төлем жасап келгендер өз қаражатын қайтарып алуына болады.  

Анна Заманова, «Оқжетпес Т» ЖШС директорының орынбасары:

- Мұндай жағдайда тұрғындар өздерінің пәтер иеленушілер кооперативінің төрағасына хабарласып, жылудың жоқтығы жөнінде дәлелді қағаздарды толтыруы керек. Сөйтіп, ол құжаттарын бізге әкеледі. Біз міндетті түрде тұтынбаған жылу үшін төлеген артық шығындарын өтеп береміз.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу