Маңғыстауда ескерткіштердің онлайн картасы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда ескерткіштердің онлайн картасы шықты

09.10.2018

Маңғыстауда тарихи-мәдени ескерткіштердің онлайн картасы мен мобильді жүктемесі іске қосылды. Бұл туристер үшін аса қолайлы. Бірнеше тілде жасалған карта көмегімен саяхатшылар  тарихи орындарды  ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ оңай тауып жатыр. Жоба - Елбасы Жолдауындағы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Онлайн картаға әзірге 30 ескерткіштің мекен-жайы енгізілген. Оның 15-і республикалық деңгейдегі туристік орындар.  Жалпы, өңірде 12 мың тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 600-ге жуығы мемлекеттің қорғауында. 

Бекболат Төлегенұлы, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының бөлім жетекшісі:

- Көптеген ескерткіштер біздің далалық жерде орналасқандықтан интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, осы бағдарлама аясында кваркодка 20 ескерткіш, интерактивті тақтаға 30 ескерткіш енгіздік. 3 тілде көруге болады.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ      

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу