Қостанай облысында келер жылы жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы екі есеге артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында келер жылы жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы екі есеге артады

09.10.2018

Ол үшін қазынадан  2,6 млрд. теңге қаржы қарастырылып отыр. Жалдамалы пәтермен 500 азамат қамтылады. Бүгінге дейін  «7-20-25» бағдарламасы бойынша 39 азаматтың ипотекалық несиесі мақұлданды.  Облыс орталығында баспана құрылысы қарқынды дамып келеді.  Алдағы уақытта  «Береке» және «Қонай» шағын аудандарында  12 мың пәтер және 8,5 мың коттедж салу  көзделген. Оның жалпы көлемі 1,5 млн. шаршы метр.

Сонымен қатар, бюджет есебінен жеңілдетілген ипотеканың алғашқы жарнасын ішінара субсидиялау мәселесі пысықталып жатыр. Сертификаттардың  құны - 1 миллион теңге.  Оны тегін немесе ұзақ мерзімге қарызға беруді жергілікті әкімдіктер өздері шешеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыста биыл 290 мың шаршы метр  баспана  салынды.  Жыл сайын  өңірде  4 жарым мыңдай  пәтер тапсыру межеленген.  

Нұрлан Қатарбеков, Қостанай облыстық  Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы: 

- Мемлекет басшысының өз Жолдауындағы негізгі тапсырмасының бірі өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру. Осыған байланысты біз тұрғындарды баспанамен қамту тетіктерін жетілдіріп, инфрақұрылымды дамытуға ден қоямыз. Аймақта ұзындығы 213  шақырым  инженерлік- инфрақұрылым  салу жоспарланған.  Жоба құны  8,0 млрд. теңгеге бағаланған. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу