Парақорлар қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парақорлар қолға түсті

09.10.2018

Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары жүйелі түрде пара алып келді деген күдікпен ұсталды. Ол «Қазақстан – отын-энергетикалық кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өңірлердегі басшыларына дизель отынын жымқыруға мүмкіндік жасаған. Бұл үшін жүйелі түрде жалпы сомасы 2 миллион 400 мың теңге көлемінде пара алып отырған.

Сондай-ақ, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бөлімше басшысы да пара алу кезінде ұсталды. Ол сотталған адамды Ақтөбе облысындағы түзеу мекемесінен Ақмола облысына ауыстыру үшін 2800 АҚШ долларын алған. Талап еткен сомасы 6800 доллар. Бұдан бөлек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Ақтөбе және Қостанай облыстарында қылмысқа жол берген бірнеше лауазымдыны тұтқындады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу