Шерхан Мұртазаның қазасына орай «Қазмедиа орталығында» қаралы жиын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шерхан Мұртазаның қазасына орай «Қазмедиа орталығында» қаралы жиын болды

11.10.2018

Қалың қазақтың Шерағасына айналған даңқты тұлғаның қазасына қалың елдің қабырғасы қайысып отыр. Орны толмас қазаға байланысты Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» да қаралы жиын болды.  Оған зиялы қауым өкілдері  мен елордалық журналистер қатысты.

Қаламын қару етіп ұстаған қауым үшін  шындықтың жебесі болған Шерхан Мұртаза алып бәйтерек болатын. Ол еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қаралы жиында сөз сөйлеген шәкірттері мен үзеңгілес азаматтар естеліктерін айтты. Қызметке деген адалдығы, ұлтқа деген жанашырлығы, қысталаң кезеңдегі қайраткерлігі ел жадынан өшпесі анық.

Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Үлкен ағалық жүрегімен газетте де, телеарнада да журналистердің әлеуметтік мәселесін шешіп, қамқорлық жасады. «Шерханның шекпенінен шықтық» деп, мақтана алатын майталман мамандарды тәрбиеледі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде де қыруар шаруа атқарды.           

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу