Шымкент қаласы мен Түркістан облысының дамуына 29,7 млрд. теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының дамуына 29,7 млрд. теңге бөлінеді

11.10.2018

Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Республикалық бюджеттен Шымкент қаласы мен Түркістан облысының дамуына 29,7 млрд. теңге бөлінбек. Бұл қаржы аймақтың жылу-энергетикалық, газ-транспорттық секторын жаңартып, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салуға жұмсалмақ. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 5 қазандағы Жолдауын орындау үшін республикалық бюджеттен қосымша 39,4 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл қаржының 18,8 млрд. теңгесі – ауыл шаруашылығы кешеніне, 15 млрд-ы – қолжетімді баспанаға, ал, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға - 5,6 млрд. теңге бөлінбек.    

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:

- Бюджеттің негізгі параметрлері өзгерген жоқ. Түсімдер мен шығыстар 12,6 млрд. теңгеге ұлғайды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу