14 қазан күні әлемде Халықаралық стандарттар күні аталып өтеді. Осыған орай стандарттау мен сертификаттау саласындағы отандық мамандар жиын өткізді. Олар осы саладағы биыл қабылданған заңның орындалу барысын талқылап, халықаралық бірыңғай стандарттарды Қазақстанда кеңінен қолдану тетіктері туралы пікірлерін ортаға салды. Қазір елімізде стандарттау және сертификаттау жұмысымен қазақстандық стандарттау институты айналысады. Бұл салада жаңа заң қабылданып, тауарлар мен қызметтердің жаңа стандарттары қабылдана бастаған. Олар ішкі стандарттардан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да қолданылады
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Елбасымыз тіпті өзінің Жолдауында да стандарттар туралы ерекше айтты. Бұл жай сөз емес, бұл ең алдымен өзіміздің нарығымызды, тұтынушыларды қорғау.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ