Ақтауда ес-түссіз жатқан сарбаз қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ес-түссіз жатқан сарбаз қайтыс болды

15.10.2018

Іріңді менингитке шалдығып, комаға түскен сарбаз қайтыс болды. Дәрігерлер екі аптадан бері оның өмірін сақтап қалу үшін қажетті ем жасады. Алайда, нәтиже шықпады. Жауынгер, Ақтаудағы 66/56 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген. 26 қыркүйек күні өзін жайсыз сезінген ол әскери дәрігерге қаралған. 5 күннен кейін аса ауыр жағдайда Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Сараптама қорытындысы  оның іріңді менингит ауруына шалдыққанын анықтады.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Жағдайы ауыр сарбаз 14 қазанда сағат 9:30 шамасында қайтыс болды. Науқасты емдеуге тәжірибелі дәрігерлер тартылды. Бірақ, өкінішке қарай, оны құтқару мүмкін болмады.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу