Шығыс Қазақстанда балабақшаға бармаған бала үшін ақша алған қызметкерлерге 6 жыл жаза кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда балабақшаға бармаған бала үшін ақша алған қызметкерлерге 6 жыл жаза кесілді

17.10.2018

Шығыс Қазақстанда жекеменшік балабақша директоры жалған құжат толтырып, бюджет ақшасын жымқырған. Онымен Риддер қалалық Білім бөлімінің бухгалтері де сыбайлас болған. Екеуіне де 6 жыл жаза кесілді.  

Бастапқыда мемлекеттік қаржыны көбірек алу үшін тізімге балабақшаға келмеген балаларды да қосып отырған. Кейін оған Білім бөлімінің қызметкері де көмектесіп, электронды кезекте тұрған бүлдіршіндер жайлы мәлімет берген.  Кәсіпкер олардың аты-жөнін жалған келісімшарт жасау үшін қолданған. Осылайша, «Нұрбөбек» балабақшасында тек қағаз жүзінде бірнеше топ құрылған. Осы әдіспен алаяқтар 2 жыл ішінде мемлекеттік бюджеттің 75 миллион теңгесін қолды еткен.

Назгүл Рахметулина, облыстық соттың судьясы:

- Балабақшаға бармаған балаға барады деп мәліметті беріп, 2015 жылдан 2017 жылға дейін ақшаны иемденген.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу