Батыс Қазақстанда 300-ден астам полиция қызметкері жұмыстан қысқарады. Бұл - құқық қорғау қызметін оңтайландыру туралы Жолдауда айтылған тапсырма. Бүгінде облыстық департаменттің жеке құрамында 3 жарым мыңдай қызметкер бар.
Үнемделген қаражат олардың жалақысын арттыруға, әлеуметтік мәселелерін шешуге жұмсалады. Сондай-ақ, орган атауы полиция департаменті болып өзгереді. Департамент өзіне тиесілі емес, артық қызметтерден арылып, тек азаматтардың құқығын қорғап, қылмыспен күреседі.
Берік Аймурзин, облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары:
Біз қызметкерлерді түгел аттестациядан өткіземіз. Бұл Президент тапсырмасы. Талап күшейеді. Тек үздіктері ғана қалады. Қазір біз жеке құрамның 10 пайызын қысқартуға кірістік. Жұмыс әлі де жалғасады.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.