Ресейдің құс фабрикаларынан тірі құс пен құс өнімдерін әкелуге қойылған шектеу ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің құс фабрикаларынан тірі құс пен құс өнімдерін әкелуге қойылған шектеу ұзартылды

18.10.2018

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауы тіркелген Ресейдің бірқатар құс фабрикаларынан тірі құс пен құс өнімдерін әкелуге қойылған шектеуді ұзартты. Мұны жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко айтты.

Ресейден бізге құстың еті маусым айынан бері  тасымалданбайды. Қазақстандық  мамандар бұл мәселені жіті назарда ұстап отыр. Еліміздегі құс фабрикаларында санитарлық жұмыстар үнемі жүргізіледі.

Негізінен, құс тұмауын Қазақстан аумағынан ұшып өтетін жабайы құстар алып келеді. Ветеринарлар қанаттылардан аталмыш вирусты анықтаған жоқ. Яғни, отандық құс фабрикаларынан келер күмән жоқ. Құстар жабық ғимаратта, жеке микроклиматта өсіріледі және жабайы құстармен еш байланыспайды. 

Максим Божко, ҚР жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті:

Жаңа технологиялармен жабдықталған ірі құс фабрикаларында құс тұмауын жұқтыру мүмкін емес. Себебі, онда үнемі арнайы залалсыздандыру жұмыстары жүреді, фабрикаға кіретін барлық қызметкерлер, көліктер мен жем-шөптер санитарлық өңдеуден өтеді. Ал Ресейдегі құс тұмауы жабайы құстарда ғана емес, өнімдерін халыққа таратып, біздің елге экспорттайтын өнеркәсіптік құс фабрикаларында тіркелді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу