Жастар жылын атап өту аясында «Жас Отан» киберспорттан чемпионат өткізеді. Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев айтты. Компьютерлік ойындар сайысы қазір жастар арасында танымал болғандықтан, партиялықтар бұл турнирге басымдық бермек. «Жасотандықтардың» сөзінше, мұндай шаралар жастардың компьютерлік бағдарламалау саласына қызығушылығын арттырады. Мұндай жарыстар биыл да ұйымдастырылған. Мысалы, келесі аптада «Жас Отан» мен Киберспорт федерациясы «ДОТА-2» компьютерлік ойынынан республикалық ашық турнир өткізеді. Оның іріктеу турына 1000-нан астам геймер қатысқан. Сайыстың жүлделі орындарына «Жасотандықтар» 2 миллион теңге сыйақы тағайындаған.
Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:
- «Жас Отан» осы жүлде қорын демеушілер арқылы шығарып жатыр. Киберспорт бойынша чемпионатты пилотты форматта өткіземіз. Келесі жылы оны үлкен деңгейде ұйымдастыру жоспарда бар.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.