Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері демалыстарын Астанада өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері демалыстарын Астанада өткізді

22.10.2018

Ақмола облысындағы Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері қайырымды жандардың көмегімен демалыстарын Астанада өткізді. 83 оқушы елордадағы мейрамханалардың бірінде демалып, ғажайыптар әлеміне саяхат жасады.

Бұл балалардың Астанаға жасап отырған алғашқы сапары емес. Дегенмен, әр жолғы саяхаттың орны бөлек. Бірі демалыс, бірі танымдық, енді бірі оқу, спорт мақсатымен ұйымдастырылады.

Ботагөз Қазбекова, №1 Ақкөл балалар үйі директорының орынбасары:

- Балаларға тек қана жақсы әсерін тигізеді. Өйткені, балалар тек қана әдемі жерлерді көріп қоймайды, сонымен қатар, оның көптеген тәрбиеленушілік мәні бар.

Ал, түскі ас кезінде бүлдіршіндер ғажайыптар әлеміне саяхат жасады. Күнделікті қолданатын заттарының сиқыр құралына айналғанын көрген олар таңданыстарын да жасыра алмады.

Аружан Ташимова, №1 Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Кесені басыңа аудар дегенде мен аудармадым. Өйткені су ағып кете ме деп қорықтым.

Балалардің жүзіне күлкі үйіргендердің бірі де өнері үшін ақы сұрамады. Себебі, олардың барлығының мақсаты бір: ана жылуын аңсаған бүлдіршіндерге адам ықыласын көрсету.

Елена Боярская, мейрамхананың басқарушысы:

- Бізге мынадай ой келді. Дәл осындай шараларды дәстүрге айналдырмақпыз. Әр баланың қуанғанын көрген кезде еріксіз бірге қуанасың.

Ұйымдастырушылар Жаңа жыл, балаларды қорғау меркелерінде дәл осындай шағын мереке ұйымдастыруды жоспарлап та қойды.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу