Бұл жауапкершілікті олар «Денсаулық елшісі» ретінде атқармақ. Бүгін министр Елжан Біртанов Қарақат, Қайрат Нұртас, Нұрлан Әлімжан және Ибрагим Ескендірге «Денсаулық елшісі» төлбелгісін тақты. Бас дәрігердің айтуынша, басқаларға қарағанда белгілі адамдардың саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауы әлдеқайда тиімді болады. Бір жағынан қазір әншілердің көбі темекі шекпейді, ішпейді, дұрыс тамақтанады, спортпен шұғылданады. Осы жағынан келгенде тұрғындарды, өз жанкүйерлеріңізді, жас ұрпақты саламатты өмір салтына тарта аласыздар деген министр, әртістерді алда болатын ірі шараларға шақырды.
Нұрлан Әлімжанов, әртіс:
- Күнделікті айтылып жатқанды бәлкім өнер адамынан басқаша естілуі мүмкін. Тәжірибе жүзінде басқаша жүзеге асуы мүмкін. Жай ғана есік алдында тұратын он шақты баланы ертіп алып, «жүр жүгірейік», деп шақырсаң, оның өзі бір іс.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.