Қостанай облысында Ішкі істер бөлімі ғимаратына оқ жаудырған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында Ішкі істер бөлімі ғимаратына оқ жаудырған күдікті ұсталды

22.10.2018

Қостанай облысында аудандық Ішкі істер бөлімі ғимаратына оқ жаудырған күдікті ұсталды. Ол 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Естеріңізге сала кетейік, оқиға 16 қазан күні Меңдіқара ауданының орталығы Боровской кентінде болған еді. Күдікті 16-шы калибрлі аңшы мылтығымен 30 метр қашықтан ғимарат терезесіне екі рет оқ атқан. Түн мезгілі болғандықтан, іште бейсауыт адам жүрмеген. Сол себепті, ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті полиция қызметкерлеріне бағынбағаны және тілдегені үшін бұған дейін де жауапқа тартылған. Қазір ол қамауға алынды. Мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге беймәлім. 

Ирина Беженарь, Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҚР ҚК-сінің 380-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапқа сәйкес күдікті, қызмет бабындағы құқық қорғаушының өміріне қауіп төндіргені үшін айыпталып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу