«Жастарды экстремистік және деструктивтік діни топтарға тартудың алдын алу». Бүгін Астанада осындай атаумен екі күндік семинар басталды. Шара аясында мамандар жастарға экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің әдістері жайлы баяндап, радикалды діни ұйымдар туралы жан-жақты мәлімет берді. Ал, ертең «Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы заңнама» тақырыбында талқылау болады. Семинар жұмысына еліміздегі діни бірлестіктердің өкілдері мен «Q-one» жастар қозғалысының еріктілері қатысуда.
Бауыржан Шериязданов, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары:
- Елдің дамуы, келешегі осы жастардың қолында. Сондықтан, оларға біздің дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды насихаттау, тарату үшін бұл семинардың маңызы өте зор.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.