2020 жылға дейін жалпы ұзындығы 6,5 шақырымға жететін 17 жол учаскесі ақылы болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің Инвестициялар және даму министрі хабарлады. Алдағы жылы «Шымкент-Ақтөбе-Мартұқ», «Шымкент-Тараз-Қайнар» және «Астана-Павлодар» арасындағы ақылы жолды іске қосу үшін тендер жарияланып, құрылғылар орнатыла бастамақ. Бұл жол учаскелері «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» көлік дәлізінің бойында орналасқанын айта кету керек. Жолға төленетін ақы оны тиісті деңгейде күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсалады.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
- Қазіргі күні төлем алу жүйесі тесттік режимде 3 учаскеде пайдалаунға берілді. Олар Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелері.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.