Маңғыстауда бұрынғы Ішкі істер қызметкері 318 келі қызыл балықпен қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда бұрынғы Ішкі істер қызметкері 318 келі қызыл балықпен қолға түсті

24.10.2018

110 дана бекірені көлігіне тиеп алған күдікті Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында ұсталған. «Қызыл кітапқа» енген балықтарды заңсыз аулаған экс-майордың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары бұған қоса, Ақтаудағы 22 шағын ауданда көліктің жүк салғышына тиелген 223 келі бекірені тәркіледі. Жауапты адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.   

Айгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы:

- Бұл деректер «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасы барысында анықталды. Тыйым салынған су жануарларына заңсыз көз тіккен күдіктілер заң бойынша жазаланатын болады. Ал, Полиция департаментінің өкілдері мен Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қазіргі таңда рейдтік тексеруді жалғастыруда.

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу