«АстанаЭнергоСбыт» өз тұтынушыларын алдап 2,6 млрд. теңге заңсыз пайда тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АстанаЭнергоСбыт» өз тұтынушыларын алдап 2,6 млрд. теңге заңсыз пайда тапқан

24.10.2018

Бүгін Бас прокуроратурада өткен жиында осы ақпарат жария болды. «АстанаЭнергоСбыт» тарифті қалыптастыру кезінде электр энергиясын 11,8 теңгеден сатып алатынын көрсеткен. Алайда, іс жүзінде 2 есе арзанға сатып алған. Ал, «АлматыЭнергоСбыт» іс жүзінде жұмсалмаған 1,1 млрд. теңгені шығындар тізіміне қосқан. Жалпы, энергия беруші және жабдықтаушы ұйымдар тарифтерді көтеру арқылы 29 млрд. теңге табысқа кенелген. Монополистер прокурорлық шаралардың нәтижесінде 5 млн. тұтынушыға 13 млрд. теңгеге жуық шығынды өтеді. 14 өңірде электр қуаты мен жылудың бағасы төмендетілді.

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

«АстанаЭнергоСбыт» сыбайлас компаниялары «Павлодар Энерго» мен «Павлодар АРЕК»-ті тұрақты табысқа кенелтіп келеді. Егер, монополист энергияны басқа компаниялардан сатып алса, тек 2017 жылы Астана тұрғындарының 1,8 млрд. теңгесі өз қалтасында қалар еді. Мұндай фактілер басқа өңірлерде де бар дегенге толық сенімдімін.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу