Отандық тауарды сақтандыруды дұрыс жолға қою керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық тауарды сақтандыруды дұрыс жолға қою керек

25.10.2018

Атыраулық кәсіпкерлермен кездесуде Мәжіліс депутаттары осылай деді. Халық қалаулылары өңірдегі іскер топ өкілдерімен өзекті мәселелерді талқылады. Басқосуда ең алдымен ішкі өнімнің үлесін арттыру керектігі айтылды. Сонда ғана қазақстандық тауар айналымға шығып, экспорт көлемі артады. Бұдан соң депутаттар «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-да болып, интерактивті мұражай жұмысымен танысты. Мекемеге қарасты зауытта сандық жүйе енгізілген. 

Бейбіт Мамраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстандық өнім шығаруда сақтандыру саясатын дұрыс жолға қоюымыз керек. Сақтандыру саясаты болмай, өндірісті, өнімді дамыту өте қиын болады. Бұл туралы бизнесмендермен талқыладық.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу