Ақтауда тоқпен жүретін көліктерді қуаттайтын электр станциясы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда тоқпен жүретін көліктерді қуаттайтын электр станциясы іске қосылды

25.10.2018

Тың жобаны Есенов университетінің ғалымдары жасап шығарды. Олар оған бір жыл уақыт жұмсаған. Екі шағын қондырғы да оқу орнының алдына орнатылды. Болашақта мұндай станциялардың санын көбейту жоспарда. Себебі, өңірде тоқпен жүретін көліктер саны артып келеді. Электр бекеті бір көлікті үш сағаттың ішінде қуаттайды. 

Берік Ахметов, Yessenov University ректоры:

- Шетелдік өнімдерге қарағанда, қаржы жағынан 10 есе тиімді. Сондықтан, қазіргі кезде біз халыққа осы өнімді ұсынып жатырмыз. Электр қуатымен жүретін машинасы болса, кез келген адамның осында келіп тегін қуаттандырып алуға мүмкіндігі бар. 

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу