Жаңаөзен қаласында екі жасөспірім газдан уланып, көз жұмды. 9 және 12 жастағы бір үйдің балалары үлкендердің салғырттығынан қайтыс болды. Өйткені, үй иелері газ қазандығын желдеткіші жоқ, әрі тар жуынатын бөлмеге орнатқан. «Бұл - өрескел қателік», - дейді мамандар. Салдарынан үйде өздері қалған ағайындылар түтінге уланған. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қайғылы жағдайға жылыту қондырғыларының уақытылы тексерілмеуі де себеп болуы мүмкін.
Ернұр Ибраев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ МО филиалы директорының бірінші орынбасары:
- Жылыту қондырғыларын қазір лицензиясы бар кез келген жеке ұйым орнатады. Оларды тексеріп жатқан ешкім жоқ. Тұрғындар да немқұрайлы қарайды. Мұның соңы осындай қайғылы жағдайға әкеліп, адамнан айырылып отырмыз. Сондықтан, лицензиялауға талапты күшейтіп, осы саладағы компанияларды қатаң тексеру қажет.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.