Ақтөбеде жол ақысы 80 теңге болып бекіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жол ақысы 80 теңге болып бекіді

26.10.2018

Бүгіннен бастап Ақтөбе қаласында қоғамдық көлікте жолақысы қымбаттады. Бұған дейін жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме жол жүру  билеттерін  55 теңгеден бірден 200 теңгеге көтеруді сұраған.  Алайда, қала әкімдігінің шешімімен  жолақы құны 80 теңге болып бекіді.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Дәл бүгінге дейін Ақтөбе қаласы еліміздегі жолақысы ең арзан қала болған еді. Енді  тұрғындай күндегідей 55 теңге емес, оның орнына 80 теңге төлеулері тиіс.

Қайрат Боданов, қала тұрғыны:

80 теңге онша қымбат емес деп ойлаймын. Қазір бәрі қымбаттап жатыр.

Алайда, тұрғындардың  кейбірі бағаның қымбаттағанына наразы. Көпшіліктің пікірінше, қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы төмен.

Баян Қалауова, қала тұрғыны:

Дұрыс емес. Жол ақысы қымбаттатады ма, автобусты дұрыстап жүргізу керек. Мен соны талап етемін.

Соғыс ардагерлері мен  І, ІІ топтағы мүгедектер  қоғамдық көлікте тегін жүре алады. 7-15 жасқа дейінгі балалар 40 теңге, ал, зейнеткерлер мен Чернобыль апатын залалсыздандыруға  атсалысқан азаматтар  60 теңге төлейді. Қала әкімдігінің өкілдері бағаны бекітерде жан-жақты талдау жұмыстары жүргізілгенін айтады.

Руслан Төреғали,   қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Тасымалдаушылар тарапынан берілген бағалар - «Автопарк» ЖШС 200 теңгеден астам, «ПАТП» ЖШС 180 теңгеден астам. Комиссия құрамы осы есепті тексере келе және ел бойынша белгіленген тарифтерді сараптау барысында 80 теңге көлемінде бекітуді шешкен болатын.

Ақтөбеде жолақысы  соңғы  4 жылда өзгермеді. Жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар талап бойынша жыл соңына дейін электронды билетке арналған аппарат қондырулары керек. Баға көтерілген соң, тисінше қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жергіліктрі билік жаңа автобустар сатып алмақ. 

 

Жақсыбек КЕМАЛ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу