«Әскерге бару – азаматтық парызымыз! Астанада күзгі маусымның кезекті 30 жас жауынгері әскер қатарына алынды. Олар түрлі әскери бөлімдерде өз борыштарын өтейтін болады. Шығарып салу салтанатына әскери басшылық пен ата-аналар қатысты.
Ердос Қалқабай колледжді биыл ғана бітірген жас маман. Күзгі әскери шақыру кезінде шақырту келіп, барлық сынақтан сүрінбей өтті. Енді кешкі пойызбен Қапшағайдағы десанттық-шабуылдық бөлімге борышын өтеуге аттанады.
Ердос Қалқабай, жауынгер:
- Десанттық-шабуылдық әскери бөліміне түсу үшін көптеген қиындықтардан өттік. Медкомисиядан, психотесттен, физикалық дайындықтан өттік.
Қыркүйек пен желтоқсан аралығында Астанадан осындай 1000 сарбаз лек-легімен әскерге аттанады. Олар бір жыл бойы әскери шеберліктің қыр-сырын меңгеретін болады. Биыл әскерге 1993 және 2000 жылдар аралығында дүниеге келген жігіттер шақырылды.
Арман Қияқбаев, Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бөлім бастығы:
- Мемлекеттік күзет қызметі бар, шекара қызметі бар, қазіргі таңда Қорғаныс министрлігінң әскерилерін жіберіп жатырмыз. Ұлттық ұланмен аяқтаймыз. 1 қыркүйектен бастап 1000 жуық бала жібереміз.
Жас жауынгерлерді әскерге шығарып салуға Қарулы күштердің басшылығы мен Астана әкімдігінің өкілдері және олардың ата-аналары қатысты. Жалпы, күзгі шақырылым кезінде республика бойынша 20 мыңға жуық жігіт әскер қатарына алынбақ.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.