Алматыда француз анимация фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда француз анимация фестивалі өтті

30.10.2018

Алматыда «Цифрлы күз» бағдарламасының аясында француз анимациясының фестивалі өтті. Онда танымал аниматорлардың туындылары көпшіліктің назарына ұсынылды. Жалпы, француздың анимациялық мультфильмдерінің көркемдік деңгейі әлемде жоғары бағаланады. Себебі, аталған елдің дәстүрлі мектептерінде оқыған мамандар дүниежүзінің ең ірі киностудияларында табысты еңбек етіп жүр. Сондықтан, біздің аниматорлар осы мемлекеттің мол тәжірибесін үйреніп, отандық анимацияны дамытуға ниетті. 

Алтыннұр Берікқызы, информатик-аниматор:

- Анимациялық фильм өте жоғары деңгейде жасалған деп ойлаймын. Заманауи технологияларды жақсы қолдана алатындықтары көрініп тұр. Маған өте ұнады. Болашақта осылай көптеген фестивальдар өткізіп, тәжірибе алмасып, бізде де 3D анимация жағын қарқынды дамыту керек. Мультфильмдер жас балаларға өте маңызды. Өйткені, балалар кішкентай кезінен бастап мультфильм көріп өседі, және ол психологияға әсер етеді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу