СҚО-да келесі жылы 40 мың жұмысшының жалақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да келесі жылы 40 мың жұмысшының жалақысы өседі

30.10.2018

Солтүстік Қазақстанда келер жылдан бастап 40 мың жұмысшының жалақысы өседі. Бұған қоса, өңірдегі 94 ауылға су тартылып, 1699 шақырым жергілікті жол жөнделеді.

Теріскейге барған «Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Теренченко жергілікті кәсіпорындардағы партияның бастауыш ұйымдарының жұмысымен танысып, облыстық филиалдың есептік-сайлау конференциясына қатысты. Жиында саяси ұйымның жұмысын әртараптандыру, бағдарламалық құжаттарды жүзеге асырудағы бастауыш ұйымдардың рөлі мен мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру тақырыбында әңгіме өрбіді.

Илья Теренченко, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

- Облыстағы аудандарда ашылған 14 IT-сыныптан басқа, IT бағытында жұмыс істейтін Оқушылар сарайы тұрғызылды. Бұл елімізде баламасы жоқ білім нысаны. Айта кетерлігі, бұл жастарды жұмысқа тартуға ерекше сеп болады. Өйткені, жаңа технологияларды енгізу үшін жұмыссыз жастарды оқытып, оларға мамандық тауып беруге болады. Бұл Елбасы Жолдауының жүзеге асып жатқандығының айқын дәлелі.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу