ШҚО-дағы ірі кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы 20 пайызға дейін өсетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы ірі кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы 20 пайызға дейін өсетін болды

30.10.2018

Жолдаудан туындайтын тағы бір міндеттің орындалу барысына келсек. Шығыс Қазақстандағы ірі кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы 20 пайызға дейін өсетін болды. Келер жылдың қаңтар айынан бастап еңбекақының артатыны туралы бүгін «Казцинк» компаниясынан мәлімдеді. Кәсіпорында қазір барлығы 21 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұл - облыстағы жұмысшылар саны жағынан ең ірі кәсіпорын. Мыс, мырыш, қорғасын, алтын, күміс өндірісімен айналысады. Компания басшыларының айтуынша, қазір әр жұмысшының айлығы нақты қаншаға көбейтіні есептеліп жатыр.

Александр Хмелев, «Казцинк» ЖШС бас директоры:

- Бүкіл компания бойынша алғанда орташа жалақы шамамен 10 пайызға көбейеді. Ал, жеке мамандықтар бойынша қарағанда, еңбек ақының көлемі әртүрлі өзгереді. Мысалы, қайсыбір мамандардың айлығы 3-4 пайызға, ал, кейбіреуінде 20-25 пайызға дейін артады.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу