Сауда орындарын тексеру нәтижесінде бағаны өсірген 19 кәсіпкермен келісімшарт бұзылды. Мәселен, келісі 1400 теңгеден сатылуы керек ет 1800 теңгеден саудаланған. «Бұдан былай, баға тұрақты түрде бақылауда болады», - дейді жауаптылар. Биыл тұрақтандыру қорынан халыққа 1600 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылмақ. Олардың бағасы арнайы комиссияның шешімімен бекітіледі.
Руслан Дәулетов, қалалық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
- Енді жәрмеңкедегі азық-түлік бағалары тұрақты түрде бақылауда болады. Егер баға өсімі тіркелсе, біз кәсіпкермен дереу келісімшартты бұзамыз. Биылғы ауыл шаруашылық өнімдері нарық бағасынан 10-15%-ға төмен болады.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.