Олар жол-көлік оқиғаларына қатысты өз ойларын суретпен жеткізді. Жалпы, Шығыс Қазақстанда 150-ден астам мектеп жол бойында орналасқан. Олардың қасында арнайы белгілер тұрғанымен, көлік жүргізушілері жол ережесін сақтай бермейді. Соның кесірінен балалар зардап шегіп жатады. Статистика бойынша, еліміздегі әрбір екінші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің қатысуымен болады. Жыл басынан бері Қазақстанда осындай 4,5 мың жол апаты тіркелген. Бұл жағдайлардың 88 пайызында жүргізушілер кінәлі.
Сағыныш Мейрамғазина, оқушы:
- Біздің мектеп жолдың бойында орналасқан және балаларды көлік қағып кету қаупі бар. Сондықтан, жүргізушілерден көліктің жылдамдығын төмендетуді сұраймыз.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.